Мәскеуде "интернетке еркіндік" шеруі ұйымдастырылды

Сахаров даңғылында «интернетке еркіндік» ұранымен наразылық шеруі ұйымдастырылды.

1160981
Мәскеуде "интернетке еркіндік" шеруі ұйымдастырылды
rusya internet protesto1.jpg

Ресейдің бас қаласы Мәскеуде интернет еркіндігінің шектелуі протест етілді.

Мәскеудің Сахаров даңғылында «интернетке еркіндік» деген ұранымен наразылық шеруі ұйымдастырылды. Президент Владимир Путин әкімшілігінің интернетті шектегені алға тартылған шеруге мыңдаған адам қатысты.

Полиция протест шеруі алдында кейбір плакаттарды жинап, 28 адамды тергеуге алды.

Ішкі істер министрлігі шеруге 6 мың 500 адамның қатысқанын жарияласа, оппозициялық ақпарат көздері қатысушы санының 15 мың 300 екенін алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар