Асад режимінің шабуылдары жалғасуда

Идлиб аймағына ұйымдастырылған әуе шабуылдарда  2 адам қаза тапты.

1159435
Асад режимінің шабуылдары жалғасуда

Асад режимінің шабуылдары жалғасуда.

Сириядағы Асад режимі және Иран қолдауындағы шетелдік террорист топтарының Идлиб аймағына ұйымдастырылған әуе шабуылдарда  2 адам қаза тапты.

Асад режимі мен Иран қолдауындағы шетелдік террорист топтар Идлибтің Хан Сейхун және Серакиб аудандары, Хама провинциясының солтүстігіндегі Латамне, Морик және Кефер Зита аудандарына зеңбіректермен шабуыл жасауда.

Идлиб азаматтық қорғаныс басқармасы басшысы Мұстафа Хаж Юсуф  режим күштерінің Идлиб және Хама провинциясындағы елді мекендерге шабуыл жасағандарын айтты.

Хаж Юсуф «Бір күн ішінде Идлиб аймағына ұйымдастырылған шабуылдарда 2 адам қаза тапты,  6 адам жарақат алды» деді.

Асад режимі және Иран қолдауындағы шетелдік террорист топтарының  Сочи келісімін бұзып, «Идлиб дағдарысты азайту аймағы» шекарасы ішінде орын алған елді мекендерге  осы жылдың басынан бері ұйымдастырған әуе және құрлық шабуылдарында кем дегенде 111 адам қаза тапты, 335-тен астам адам жарақат алды.

 



Ұқсас жаңалықтар