Израиль Газа секторына әуе операциясы жасады

Израиль соғыс ұшақтары Иззеддин әл-Кассам бригадасына тиесілі нысаналарға әуе шабуылы ұйымдастырды.

1157755
Израиль Газа секторына әуе операциясы жасады

Израиль соғыс ұшақтары Газа секторында Хамастың әскери қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасына тиесілі нысаналарға әуе шабуылы ұйымдастырды.

Израиль армиясы жасаған мәлімдемесінде соғыс ұшақтарының Газа секторынан Израиль жеріне «өртенген шар» ұшырылған соң Кассам бригадасына тиесілі бір әскери комплекстегі кейбір нысаналарды бомбалағанын атап көрсетті.

Израиль азаматтарына бағыттап зиян келтіру әрекетінің өте қауіпті екені атап көрсетілген мәлімдемеде Газа секторындағы оқиғалардың жауапкершілігінің Хамасқа тиесілі екені білдірілді.

Шабуылда адам шығыны болғаны жайлы мағлұмат берілмеді. Палестина оқиғамен байланысты ресми бір мәлімдеме жасамады.

Израиль соңғы кезеңде Газа секторынан ұшырылғаны және Израиль жеріне жанатын материал тасымалдағаны алға тартылған батпырауық және шарлар себепті шабуылдар жасауда.



Ұқсас жаңалықтар