Ватиканның жасырын мұрағаты ашылады

Бұл хабарды еврейлер көптен бері күтіп жүр еді.

1156660
Ватиканның жасырын мұрағаты ашылады

Католиктердің рухани лидері Папа Франциск Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған, Ватиканның жасырын мұрағатын 2020 жылы халыққа ашатындарын хабарлады.

Бұл хабарды еврейлер көптен бері күтіп жүр еді.

Папа Франциск 1939 жылдың 2 наурыз және 1958 жылдың 9 қазан күндері арасында папа міндетінде болған 12-ші Пий кезіннен қалған жасырын мұрағатты ашуға шешім қабылдағандарын білдірді.

Спутниктің хабарына қарағанда,  мұрағат 2020 жылдың 2 наурыз күні ашылады.

Папа Франциск: «Шіркеу тарихтан қорықпайды» деді.

Көптеген еврей 12-ші Пийді қырғынды елемеді деп айыптайды. Шіркеу болса Папаның негізінде еврейлерді қорғауға тырысқанын алға тартады.

Америка Еврейлер комитеті осы шешімге қуанышты екендерін хабарлады. Комитеттің Діндер арасы қатынастар басшысы Дэвид Росен 30 жылдан астам уақыттан бері жасырын мұрағаттың ашылуын талап етіп келгендерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар