Су тасқыны себепті Белуджистанда 28 мың адам эвакуацияланды

Пәкістанда 4 күннен бері жалғасқан нөсер жауын салдарынан 13 адам қаза тапты, 12 адам жарақат алды.

1156930
Су тасқыны себепті Белуджистанда 28 мың адам эвакуацияланды

Пәкістанда 4 күннен бері жалғасқан нөсер жауын салдарынан су тасқыны мен топырақ көшкіндерінде 13 адам қаза тапты, 12 адам жарақат алды.

Белуджистан уәлаяты ақпарат министрі Захур Ахмед Буледи уәлаятта 1 наурыз күні бастап, 4 наурыз күндеріне дейін жалғасқан нөсер жауынның су тасқыны мен топырақ көшкіндеріне себеп болғанын атап көрсетті.

Су тасқыны, топырақ көшкіні және үйлердің шатырларының қирауы салдарынан 13 адамның қаза тапқанын және 12 адамның жарақат алғанын білдірген Буледи 28 мың адамның да эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Буледи уәлаяттағы 9 аймаққа нөсер жауынның ықпал еткенін, аталған аймақтарға 5 мың шатыр, азық-түлік және әртүрлі жәрдем материалдары жіберілгенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар