«Көкбөрі» белгісіне тыйым салынды

Премьер-министр заңға бағынбайтындарға құқықтық іс ашылатынын қайталады.

1156887
«Көкбөрі» белгісіне тыйым салынды

Австрияда «көкбөрі» белгісіне тыйым салынды.

Елде «көкбөрі» белгісіне «Символ заңы» аясында тыйым салынуына наразылық білдіргендер премьер-министр Курцтың Твидтер есебіндегі жазбасына «көкбөрі» символын салып, пікір қалдырды.

Премьер-министр Курц наразылықтарға орай әлеуметтік желіден қайта мәлімдеме жариялап: «Біздің негізгі демократиялық құндылықтарымызды қабылдамайтындар немесе осыған қарсы күрес жүргізгендердің елімізде орны жоқ» деді.

Премьер-министр заңға бағынбайтындарға құқықтық іс ашылатынын қайталады.

Австрияда 2018 жылдың желтоқсан айында мәжілісте қабылданған «Символ заңы» 1 наурыз күні күшіне енді.

Заң шеңберінде елде ДАИШ, Әл Кайда,  PKK, Мұсылман бауырлар,  Хамас, Хизбулла секілді террорлық ұйымдар, партия немесе басқа да құрылымдардың 13 символы мен белгісіне тыйым салынды.

Түрік саясатының маңызды бөлшег і- Ұлтшыл Қозғалыс партиясы қолданған «көкбөрі» белгісіне де тыйым салынуы наразылықтарға себеп болған еді. Таласты заңға Түркия қатаң наразылық білдіріп,  Сыртқы істер министрлігі: «Австрияда парламентте қабылданған «Символ заңының» «көкбөрі» белгісін де қамтитын түрде күшіне енуін қабылдамаймыз» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар