Сергей Лавров Мәскеуде Делси Родригеспен кездесті

АҚШ эмбарго қойған Венесуэла Мемлекеттік мұнай компаниясы PDVSA-ның Лиссабондағы бөлімшесі Мәскеуге көшеді.

1155393
Сергей Лавров Мәскеуде Делси Родригеспен кездесті

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Америка Құрама Штаттарының халықаралық ережелерге қайшылық жасап, Венесуэлаға әскери килігу жүргізу үшін талпынғанын айтты.

Сергей Лавров Венесуэла елбасының орынбасары Делси Родригеспен астана Мәскеуде өткізген кездесуінен кейін ұйымдастырған ортақ баспасөз мәслихатында сөз алды. 

Венесуэладағы мәселелердің диалог жолымен бейбітшілік ішінде шешілуі керектігін дәріптеген Лавров Америка Құрама Штаттарының Венесуэлаға бағытталған саясатынан алаңдап отырғанын тілге тиек етті.

Лавров, 

"Америка Құрама Штаттары халықаралық ережелерге қайшылық жасап, Венесуэлаға әскери килігу жүргізу үшін талпынуда. Венесуэланы қолдаған елдер АҚШ-тың жоспарларының іске асуына кедергі болуы мүмкін" деп крсетті. 

 Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Америка Құрама Штаттарының Венесуэла компанияларына атқарған эмбарголары арқылы Венесуэлада адамгершілікке жат дағдарыстар туғызуға кіріскеніне назар аударды. 

Сенесуэла елбасының орынбасары Родринес те АҚШ эмбарго қойған Венесуэла Мемлекеттік мұнай компаниясы PDVSA-ның Лиссабондағы бөлімшесінің Мәскеуге көшетінін білдірді.  



Ұқсас жаңалықтар