Маки Салл Сенегалдың президенті болып сайланды

Президент Маки Салл дауыстың 58.27 пайызын алып, алғашқы турда сайланған.

1154658
Маки Салл Сенегалдың президенті болып сайланды

Сенегалде жексенбі күні ұйымдастырылған 11-ші кезекті президенттік сайлаудың жеңімпазы дауыстың 58.27 пайызын алған билік басындағы Бенно Бокк Якар коалициясының үміткері,  президент Маки Салл болды.

Дауысты санау Ұлттық комиссиясының төрағасы сот Демба Канжи ұйымдастырған баспасөз мәслихатында жексенбі күнгі сайлауға қатысу мөлшері 66.23 пайыз болғанын жариялады.

Канжидің мәлімдемесіне негізделгенде, президент Маки Салл дауыстың 58.27 пайызын алып, алғашқы турда сайланған. Ең жақын бәсекелесі Идрисса Сек дауыстың 20.5 пайызын және Оусмане Сонко 15.67 пайызын алған.

Басқа бір үміткер Исса Саллдың дауыс мөлшері 4.07 пайыз, Мадике Ниангтің дауысы 1.48 пайызда қалған.



Ұқсас жаңалықтар