БАӘ тұңғыш ғарышкерлерін ұшырады

Біріккен Араб Әмірліктері тұңғыш ғарышкерін ғарыш сапарына шығарады.

1152187
БАӘ тұңғыш ғарышкерлерін ұшырады

Көп уақыттан бері ғарыш жұмыстарына инвестиция салған Біріккен Араб Әмірліктері тұңғыш ғарышкерін 25 қыркүйек күні ғарыш сапарына шығарады.

Ресми хабарламаға қарағанда,  осы елдің тұңғыш ғарышкерлері Хазза әл Мансури мен Султан Неяди екеуінің бірі 25 қыркүйек күні ғарышқа ұшады.

Ресейдегі дайындықтарын аяқтаған ғарышкерлер жақында БАӘ таққа мұрагер ханзадасы және елдің Ғарыш орталығының басшысы Хамдан бин Мұхаммед бин Рашид әл Мактуммен бас қосқан болатын.

Бүгінгі хабарламада ғарышқа ұшатын ғарышкердің атының атылуы күтілген еді. Алайда басшылар тек уақытын мәлімдеумен шектелді.

Ғарышқа ұшатын ғарышкердің атының мамыр айында жариялануы жоспарланды. Осы міндет үшін таңдалмаған екінші ғарышкер басқа бір жобаға қатысады.

Біріккен Араб Әмірліктері 2117 жылы Марста адам баласының тұңғыш елді мекенін құруды жоспарлауда.



Ұқсас жаңалықтар