Венесуэла Колумбиямен дипломатиялық қатынастарын тоқтатты

Венесуэла Мемлекет басшысы Николас Мадуро Колумбиямен дипломатиялық және саяси қатынастарды тоқтатқанын жариялады.

1151250
Венесуэла Колумбиямен дипломатиялық қатынастарын тоқтатты
Kolombiya Almagro.jpg

Мадуро бас қала Каракаста ұйымдастырылған шеруде мыңдаған жақтаушысына үн қатты.

Социалистік партияның түсі ретінде қызыл көйлектер киген мыңдаған адамның алдына билеп, қолында Венесуэла байрағын желбіретіп шыққан Мадуроны ұзақ уақыт қол шапалақтады.

Өзіне бағытталған әрекеттерге назар аударған Мадуро «еш қашан берілмейтіндерін» және «елінің тәуелсіздігі үшін қажет жағдайда жанын пида қылатынын» атап айтты.

Еш нәрседен қорықпағанын атап көрсеткен Мадуро өзін уақытша президент ретінде жариялаған Гуаидоны болса «Венесуэланы отарлау саясатымен басқарғысы келген Америка Құрама Штаттарының қуыршағы» деп атады.

Оппозицияға қолдау берумен айыпталған көрші Колумбияны да сынға алған Мадуро осы елмен дипломатиялық және саяси қатынастарды тоқтатқанын жариялады.

 «Фашист Колумбия үкіметінің шабуылдаушы ұстанымына одан көп шыдамдылық көрсете алмаймын. Осы себепті Колумбиямен дипломатиялық және саяси қатынастарды тоқтатуға шешім қабылдадым» деген Мадуро осы елдің дипломаттарына Венесуэладан кету үшін 24 сағат мерзім берді.

Колумбия Сыртқы істер министрі Карлос Холмес Тружилло Алмагро болса Мадуроның Колумбиямен дипломатиялық қатынасты тоқтату шешімін танымағандарын атап көрсетті.

Алмагро Твиттерден жасаған мәлімдемеде Мадуро үкіметін танымағандарын сондықтан қабылдаған шешімдерді «жоқ» деп назарға алынғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар