Малиде Халықаралық бейбітшілік күші құрамындағы 3 әскер өлтірілді

Бамако қаласында БҰҰ бірыңғай халықаралық операциясы «MINUSMA» құрамында қызмет атқарған 3 әскер өлтірілді.

1151429
Малиде Халықаралық бейбітшілік күші құрамындағы 3 әскер өлтірілді

Малидің бас қаласы Бамакода жасалған шабуылда БҰҰ бірыңғай халықаралық бейбітшілік күші «MINUSMA» құрамында қызмет атқарған 3 әскер өлтірілді.

«MINUSMA»-ның интернет парақшасында орын алған мәлімдемеге қарағанда жұма күні кешкі уақытта бас қалаға 44 шақырым қашықтықтағы Сибу жолында Бейбітшілік күші әскерлері, кім екені белгісіз адамдардың шабуылына ұшырады.

Шабуылда 3 әскер қаза тапты, 1 әскер мен сол кезде жолдан өтіп жатқан бір адам жарақат алды.

Малидің «MINUSMA» өкілі Махамат Салех Аннадиф шабуылды қатаң түрде айыптады.

Аннадиф шабуылдың елдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нысанаға алғанына назар аударып, халықаралық құқық ережелеріне сәйкес соғыс қылмысы болып есепке алынатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар