Иран АҚШ-тың Сауд Арабиясына ядролық технология жолдауын айыптады

Зариф АҚШ әкімшілігінің Сауд Арабиясына ядролық технологияны сату жобасына наразылық көрсетті.

1149401
Иран АҚШ-тың Сауд Арабиясына ядролық технология жолдауын айыптады

Иран Сырытқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф Америка Құрама Штаттарының Вашингтон Пост газетінің қаламгері Сауд Арабиясы журналисті Джемал Хашхаджи қастандығындағы тұғыры мен Сауд Арабиясына ядролық технология жолдауының осы елдің екібеткейлігін ортаға шығарғанын айтты.

Мұхаммед Джевад Зариф Твиттер есебінен жасаған мәлімдемесінде АҚШ әкімшілігінің Сауд Арабиясына ядролық технологияны сату жобасына наразылық көрсетті.

АҚШ-тың екібеткейлігін айыптаған Зариф:

"Біз үшін үнемі айқын болып келген тақырып әлем үшін де барған сайын нақтыланып келеді. АҚШ-тың нағыз алаңдап отырғаны адам құқығы да, ядролық бағдарламалар да емес. Алдымен мәйіті бөлшектенген журналист, енді міне, ядролық технологияның Сауд Арабиясына заңсыз жолдармен сатылуы АҚШ-тың екібеткейлік бейнесін ортаға шығарып отыр" деп көрсетті.

АҚШ Президенті Дональд Трамп ядролық күшті дамытушы компаниялармен 12 ақпанда өткізген жиналысында  Сауд Арабиясына ядролық технология жолдау тақырыбын кеңескен еді. 

АҚШ Өкілдер Мәжілісі АҚШ-тың Сауд Арабиясына "Ерекше сезімтал ядролық технологияны жолдауды іске асыру" жобасына байланысты тергеу бастатқан. 

Өкілдер Мәжілісі Бақылау комитетінің дайындаған рапортында Ақ Үйдің Сауд Арабиясының түрліше аймақтарына орналастырылатын ядролық құралдардың аймақтағы тепе-теңдікті бұзатыны, сонымен бірге ядролық қарулануды арттыруға себепші болатынына байланысты  ескертулері орын алған.   



Ұқсас жаңалықтар