Еуропада жастардың климат протесттеріне Ресей қолдау беруде

Климкин Еуропада жастар ұйымдастырған климат протесттеріне Ресейдің қолдау бергенін алға тартты.

1147967
Еуропада жастардың климат протесттеріне Ресей қолдау беруде

Украина Сыртқы істер министрі Павло Климкин Еуроодақ елдерінде жастар ұйымдастырған климат протесттеріне Ресейдің қолдау бергенін алға тартты.

Климкин Бельгияның бас қаласы Брюссельде журналисттердің «Еуропада жастардың климат протесттеріне Ресейдің қолдау беріп бермегені» туралы бір сұраққа «Иә, міндетті түрде» деп жауап қайтарды.

Мәскеу әкімшілігінің Еуропадағы қауіпті ортаны асқындырғанын алға тартқан Климкин «Ресейдің мақсаты демократиялық мекемелерімізді және Еуроодақты әлсірету» деді.

Германия, Бельгия, Ұлыбритания және Голландия сияқты Еуропаның жетілген елдерінде жастар соңғы айларда жиі климат протесттері ұйымдастыруда.

Әсіресе әлеуметтік медиа арқылы ұйымдастырылған протесттерге он мыңдаған жас қатысуда.



Ұқсас жаңалықтар