Трамп Жапония атынан Нобель Бейбітшілік сыйлығына үміткер ретінде көрсетілген

Синдзо Абэ Норвегия Нобель комитетіне хат жазған.

1146993
Трамп Жапония атынан Нобель Бейбітшілік сыйлығына үміткер ретінде көрсетілген

Жапония премьер-министрі  Синдзо Абэнің Вашингтон әкімшілігінің ұсынысымен Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампты Нобель Бейбітшілік сыйлығына үміткер ретінде көрсеткені білдірілді.

Жапонияда шығатын Асахи Симбон газетінің үкімет хабар көздеріне сілтеме берген хабарына қарағанда Вашингтон әкімшілігі  Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким  Чен Ынның арасында мамыр айында өткізілген кездесуден кейін Жапония үкіметіне Дональд Трампты Нобель Бейбітшілік сыйлығына үміткер ретінде көрсетуі үшін "бейресми" ұсыныс жасаған.  

Хабарда премьер-министр Абэнің одақтас елдің осы ұсынысы бойынша күзде Норвегия Нобель комитетіне бір хат жазып, Трампты Жапония атынан Нобель Бейбітшілік сыйлығына үміткер ретінде көрсеткені білдірілді.

Дональд Трамп 15 ақпанда Ақ Үйде ұйымдастырған баспасөз мәслихаатында  Жапония премьер-министрі  Синдзо Абэнің Солтүстік Кореямен дипломатиялық диалогтің басталуындағы роліне орай өзін Жапония атынан Нобель Бейбітшілік сыйлығына үміткер ретінде көрсеткенін жариялаған болатын. 

Дональд Трамп Абэнің Нобель Бейбітшілік сыйлығын беретін Норвегия Нобель комитетіне жолдаған хатының бір нұсқасын өзіне жеткізгенін де білдірген еді.  



Ұқсас жаңалықтар