Иранда құлаған ұшақта екі кісі қаза тапты

Нежадрахим ұшақтың құлау себебі зерттеліп жатқанын білдірді

1146380
Иранда құлаған ұшақта екі кісі қаза тапты

Иранның солтүстік шығысындағы Резеви Хорасан уәлаятында азаматтық жаттығу ұшағының құлауы салдарынан екі адам қаза тапты.

Ирандық студенттер Хабар агенттігі ИСНА-ға мәлімдеме жасаған Кашмер аудандық Өрт сөндіру басқарманың басшысы Емир Нежадрахим азанда жаттығу мақсатымен ұшқан азаматтық ұшақтың Резеви  Хорасан уәлаятына қарасты Кашмер ауданы маңындағы Бахарие аймағында құлағанын айтты.

Ұшақ апатында екі кісінің қаза тапқанын айтқан Нежадрахим "Ұшақтағылардың біреуі ұшқыш, екіншісі ұшқыш мектебінің студенті" деді.

Нежадрахим ұшақтың құлау себебі зерттеліп жатқанын да білдірді.  



Ұқсас жаңалықтар