Орамалға қарсы шыққан басшы міндетінен алынды

Федерация ешбір спортшыға жікшілдік жасамайтындарын және жасатпайтындарын мәлімдеді.

1145691
Орамалға қарсы шыққан басшы міндетінен алынды

Швеция Атлетика федерациясы орамалға қарсы сөздер қолданған Швеция Жүзу федерациясы төрағасы Улла Густавсонды міндетінен алды.

Швеция мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда,  Швеция Атлетика федерациясының кешегі жиналысында Густавсонның міндеттен алынуына шешім берілді.

Федерация ешбір спортшыға жікшілдік жасамайтындарын және жасатпайтындарын мәлімдеді.

Густавсон елдің беделді бір газетіне берген сұхбатында орамал таққан бір спортшының суретінің Атлетика федерациясының парақшасында жариялануын сынап: «Орамал – балаларға қарсы қысым мен жыныстық көзқарастың көрсеткіші.  Бала жаста үйлендіру,  ар-намыс қастандықтары, бұлардың біздің құндылықтарымызда орны бар ма? Егер босқын тектілер спортпен айналысқысы келсе,  орамалсыз айналыссын» деген еді.

Жүзу федерациясы төрағасының орынбасары Стефан Перссон болса Густавсонның сөздеріне қарсы шығып,  Жүзу федерациясының барлық балаларға тең шарттарда қызмет бергенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар