3600-ден астам адам көшеде өмір сүреді

«Үйсіздердің анықталуына» байланысты жұмыстың қорытындысы жарияланды.

1146134
3600-ден астам адам көшеде өмір сүреді

Францияның бас қаласы Парижде 3600-ден астам адам көшеде өмір сүреді.

Париж қалалық муниципалитетінің хабарламасында 7 ақпан күні қаланың көшелерінде және метро стансаларында жүргізілген «үйсіздердің анықталуына» байланысты жұмыстың қорытындысы жарияланды.

Парижде осындай жұмыс екінші рет жүргізіліп отыр. Осыған қарағанда,  2 мың 232 адам көшеде, 751 адам вокзалдарда,  метро стансалары мен көлік бекеттері және ауруханалардың жедел көмек бөлімдері секілді мемлекеттік мекендерде, 639 адам орман мен бақшаларда өмір сүреді.

Өткен жылғы анықтау жұмысында 3 мыңға жуық адамның сыртта өмір сүретіні анықталған болатын.

Елдегі 800 ұйымның басын қосқан Ұйымшылдық актерлері федерациясы шамамен екі апта бұрын асыра салқын ауа райында елдің көптеген қаласында мыңдаған адамның үкімет тарапынан бас сұғатын баспана берілмегендіктен көшеде тұруға мәжбүр қалғанын атап көрсеткен еді. Федерация үкіметтің үйсіз жандар үшін қабылдаған шараларының жеткіліксіз екенін айтып, үкіметтен жедел түрде осы азаматтарға баспана болатын орталық қамдауын сұраған болатын.

Өткен жылы көшеде өмір сүретін 18 азамат түрлі себептермен қаза тапты. Франция президенті Эммануэль Макрон болса 2017 жылдың жаз маусымында «2017 жылдың аяғына дейін көшеде тұратын ешкім қалмайтынын» айтып, уәде берген еді.



Ұқсас жаңалықтар