АҚШ үкіметінің қайтадан жабылуы мүмкін

АҚШ Федеральдық үкіметінің 35 күн жабылуына себеп болған "Мексика дуалы бюджеті" дағдарысы жалғасуда.

1142614
АҚШ үкіметінің қайтадан жабылуы мүмкін

АҚШ Федеральдық үкіметінің 35 күнге жабылуына себеп болған «Мексика үшін бөлінген фонд» тақырыбындағы дағдарыс жалғасуда.

Конгресте жалғасқан бюджет келіссөздері, шекараға салынатын дуалға бөлінген қаржы жайлы дау-дамай және шекара аймағындағы тұтқындар жайлы шешімсіз қалған тақырыптар үкіметтің қайтадан жабылуына себеп болды.

АҚШ баспасөзіне түскен ақпаратқа қарағанда конгресте жалғасқан келіссөздер нәтижесіз қалуда.

Fox Хабарға сұхбат берген және келіссөздерде маңызды рөл ойнаған  АҚШ Сенаты Қаржыландыру комитеті төрағасы республикашыл Ричард Шелби «Келіссөздер тоқтап қалды деп ойламаймын. Бүгін немесе ертең азанда қайтадан бастау тақырыбында үміттімін. Өйткені уақыт өтіп бара жатыр» деді.

Ақпарат көздеріне қарағанда демократтар дуал үшін 2 миллиард доллардан көп қаржы бөлуді қабылдамайды.

Конгресс Мексика шекарасына салынатын дуал үшін Трамп талап еткен 5,7 миллиард долларлық қаржыны уақытша бюджетке қоспаған немесе әкімшілік пен конгресс арасында жаңа бір келісім жасалмаған жағдайда үкімет жұма күні қайтадан жабылмақ.



Ұқсас жаңалықтар