АҚШ соғыс кемелері Оңтүстік Қытай теңізінде

АҚШ Теңіз күштеріне тиесілі соғыс кемесі Оңтүстік Қытай теңізіне кірді.

1142829
АҚШ соғыс кемелері Оңтүстік Қытай теңізінде

АҚШ соғыс кемелері Оңтүстік Қытай теңізінде.

АҚШ Теңіз күштері Оңтүстік Қытай теңізіндегі (Қытайда Оңтүстік теңіз деп аталады, ағл. South China Sea) Қытай теңіз күштері бақылауындағы бір арал маңында байырқалай өтті.

 АҚШ медиа ұйымы CNN-де орын алған хабарда АҚШ-қа тиесілі «USS Spruance және USS Preble» атты деп аталатын зымыран қондырғылы жойғыш кемелерін Оңтүстік Қытай теңізіндегі Парасел (Paracel) аралдары маңына жібергенін мәлімдеген.

АҚШ Теңіз күштері 7-ші флот мәлімдемешісі Клав Досс жасаған мәлімдемесінде кемелердің міндет атқарғанын және халықаралық заңға сәйкес әрекет жасағанын атап өтті. Досс «Құрама Штат әр күні Оңтүстік Қытай теңізін қамтыған Үнді-Тынық мұхит аймағында әскери операциялар жүргізіп келеді. Бұның бәрі халықаралық құқықтарға сәйкес келеді» деді.      

Өткен ай да осындай жағдай болған еді. Қытай Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Лу Канг АҚШ Теңіз күштеріне тиесілі соғыс кемесінің Оңтүстік Қытай теңізіне кіруіне наразылық көрсетіп, Вашингтон әкімшілігіне «провокацияны аяқтат» деген үндеу тастаған болатын.

Соңғы уақыттарда АҚШ-Қытай қатынасы сауда-саттық дауларына және теңіз айдындарының егемендігі, әскери қауіпсіздік мәселелеріндегі қайшылықтарға байланысты барған сайын салқындай түсуде. Екі ел арасындағы қарама-қайшылық соңғы бірнеше аптада тіпті де анық көріне бастады.



Ұқсас жаңалықтар