Сенад Халитович Санджактың жаңа мүфтиі ретінде сайланды

Сербияның Босния тектілер жиі өмір сүрген Санджак аймағына мүфти ретінде Сенад Халитович сайланды.

1142120
Сенад Халитович Санджактың жаңа мүфтиі ретінде сайланды

Санджактың Тутин қаласындағы Фатих Сұлтан мешітінде болып өткен дауыс беруде Сенад Халитович дауыс көпшілігімен мүфти болып сайланды.

Сербия Ислам Одағы төрағасы Сеад Насубович осында айтқан сөзінде дауыс берудің ұзақ уақыттан бері дайындықтары жалғасқан бір еңбектің қорытындысы екенін атап, «Жаңадан сайланған мүфтиіміз мекемеміздің құрметті қызметкері Халитович мүфти болып сайланды. Санджактағы имамдарымыздың өкілі ретінде сайланған Сенад Халитовичке  табыс тілеймін» деді.

Халитович болса үлкен бір жауапкершілік мойындағанын, жаңа міндетте Ислам Одағы үшін ұзақ мерзімді жұмыстар жоспарлағандарын атап «Маған аманат еткен осы міндетті барлық жауапкершілігімен жүзеге асыруға уәде етемін» деді.

Рәсімде сондай-ақ Иса би хоры тарапынан Босния мен түрік тілдерінде діни өлеңдер оқылды.



Ұқсас жаңалықтар