Кашыкчы қастандығы халықаралық құқыққа қайшы

БҰҰ-ның баяндамашысы Агнес Калламард Кашыксы қастандығы жөнінде бір рапорт дайындады.

1141030
Кашыкчы қастандығы халықаралық құқыққа қайшы

Біріккен Ұлттар Ұйымы Түркияның сауд текті журналист Джемал Кашыкчы қастандығын кең көлемді және тарапсыз түрде жүргізген тергеуінің Сауд Арабиясы тарапынан балталанғанын айтты.

БҰҰ-ның заңсыз әрі соттан тыс өлім жалалары жөніндегі арнайы баяндамашысы  Агнес Калламард өткен апта Түркиядағы қастандыққа байланысты жасаған жұмыстарынан кейін бір рапорт дайындады.

Баяндамашы рапортында «Кашыкчы жоспарлау бойынша аяусыз өлтірілді. Дәлелдер Кашыкчы қастандығының Сауд Арабиясы лауазым иелері тарапынан жасалғанын көрсетуде» деді.

Қастандықтың үрейлі және қорқынышты дыбыс таспасының бір бөлімін қолға түсіргенін білдірген Калламард «Кашыкчының өлтірілуі халықаралық құқық және халықаралық қарым-қатынастарға қайшы» деді.

Агнес Калламард оқиғаға байланысты тексеру жүргізулеріне қолдау жасағанына орай Түркияға алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар