Сирияда гипотермиядан кем дегенде 35 адам қаза тапты

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Сирияда ДАИШ террор ұйымынан қашқан жазықсыз адамдар жайлы мәлімдеме жасады.

1139536
Сирияда гипотермиядан кем дегенде 35 адам қаза тапты

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Сирияда желтоқсан айынан бері ДАИШ террор ұйымының бақылауындағы Дейр-уз Зор қаласына қарасты Хежжин ауданынан қашқан кем дегенде 35 баланың гипотермиядан дүниеге көз жұмғанын мәлімдеді.

БҰҰ Бас хатшылығы мәлімдемесінде Сирияның Дейр-уз Зор қаласына қарасты Хежжин ауданындағы қақтығыстардан қашқан және аймақты паналаған жазықсыз адамдарға төнген қауіптің уайымдарды арттырғанына назар аударылды.

Желтоқсан айынан бері Хежжин ауданынан 25 мыңнан астам адамның қашып, Хасекедегі Әл-Хол лагеріне барғанын атап көрсеткен мәлімдемеде 22 қаңтар күнінен бастап, лагерге 10 мың адамның ұласқаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Желтоқсан айынан бері кем дегенде 35 бала Хежжиннен қашу жолында немесе лагерлерге ұласқан кезде гипотермиядан қаза тапты» делінді.



Ұқсас жаңалықтар