Мадуро Папаға хат жазды

Мадуро Пападан елдегі саяси дағдарыстың шешілуі үшін көмек сұрады.

1138711
Мадуро Папаға хат жазды

Венесуэла президенті Николас Мадуро католиктердің рухани басшысы және Ватикан мемлекет басшысы Папа Францискке бір хат жазып,  елдегі саяси дағдарыстың шешілуі үшін көмек сұрады.

Ұлттық баспасөздер жарияланған хабарға қарағанда,  Мадуро көптеген ел өзін «уақытша мемлекет басшысы» деп жариялаған Ұлттық мәжіліс төрағасы Хуан Гуаидоны танығаннан кейін Папаға хат жазды.

Мадуро хатында елдегі саяси дағдарыстың шешілуі үшін Пападан көмек сұрады.

Пападан бұдан бұрын да елдегі дағдарыста араағайындық жасауын талап еткенін білдірген Мадуро хатында диалог үрдісінде қолынан келгенді аямауын сұрады.

«Ватикан оң жауап қайтарар деп үміттенемін.  Мен Иса жолында қызметтемін және одан жеңілдететін және диалогты нығайтатын бір үрдіс үшін көмек сұрадым» деді Мадуро.



Ұқсас жаңалықтар