Венесуэланың бас қаласы Каракаста көшелер адамға толды

Каракас көшелерін толдырған жақтастарына үн қатқан президент Мадуро «АҚШ-қа берілмейміз» деді.

1137672
Венесуэланың бас қаласы Каракаста көшелер адамға толды

Бір жақта президент Николас Мадуроның шақыруымен байрақтарын алып шыққан ереуілшілер, екінші жақта оппозициядағы басшы Хуан Гуаидоның жақтаушылары.

Мадуро жақтастары Чавездің Боливаршыл төңкерісінің 20 жылдығына орай көшелерге шықты.

АҚШ басшылығындағы кейбір елдердің Мадуроға саяси жәбірлеу жасалғанын алға тартқан қалың жұрт осы елдерге наразылық көрсетті.

Президент Мадуро жиналған халыққа үн қатты. Ұлттық Құрушы Мәжіліс сайлауының ағымдағы жылдың ішінде болып өтетінін атап, «Оппозициямен келіссөзге дайынбыз» деді.

Вашингтон әкімшілігіне үн қатқан Мадуро  «АҚШ-қа берілмейміз» деді. Армия қолдау бермеген оппозиция болса келіссөзді қабылдамауда.

Өзін уақытша президент ретінде жариялаған Хуан Гуаидо оппозицияны 12 ақпан күні тойланған «Жастар күнінде» қайтадан үлкен шеру ұйымдастыруға шақырды. Оппозиция нысаналарына жеткенше протесттердің жалғасатынын атап көрсетті.

Жақтаушыларына үн қатқан Гуаидо АҚШ жәрдемдерінің бірнеше күннің ішінде елге келетінін атап көрсетті.

Азық-түлік және дәрі-дәрмектің Колумбия шекарасынан кіретінін атап көрсеткен Гуаидо аталмыш жәрдемдердің елге кіруі үшін әскерлердің қолдауының қажетті екенін атап көрсетті.

Елдегі шерулер жалғасып жатқанда Иран елбасы Хасан Рухани Вашингтон әкімшілігінің Венесуэла үкіметіне тұзақ құрумен айыптады.

БҰҰ Женева офисі алдында жиналған қалың жұрт АҚШ президенті Дональд Трамптың Венесуэла саясатын протест етті.

Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда жиналған ереуілшілер болса ағылшын баспасөзін сынға алды.

Ағылшын трансляция мекемесі BBC ғимараты алдында жиналған бір топ ереуілші ағылшын баспасөзінің Венесуэладағы жаңалықтарды бір жақты таратқанын алға тартып, ереуіл жасады.



Ұқсас жаңалықтар