Ауғанстанда полициялар әріптестерін өлтірді

Кандахар уәлаятының Панджавайи ауданында 2 полиция қызметкері әріптестеріне оқ атып, 4 полицияны өлтірді.

1136392
Ауғанстанда полициялар әріптестерін өлтірді

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандахар уәлаятының Панджавайи ауданында 2 полиция қызметкері әріптестеріне оқ атып, 4 полицияны өлтірді.

Кандахар губернаторлығы мәлімдемешісі Азиз Ахмад Азизи Панджавайидегі полиция учаскесінде қызмет атқарған 2 полицияның бірге жұмыс істейтін әріптестеріне оқ атқанын мәлімдеді.

Шабуылда 4 полицияның қаза тапқанын атап көрсеткен Азизи шабуылдаушылардың әріптестерін өлтірген соң аймақтан қашқанын мәлімдеді.

Азизи шабуылдың террормен байланысының зерттелгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар