Венесуэлада Жоғары сот Гуаидоға қарсы сақтық шаралар қабылдады

Венесуэла Жоғары Соты (TSJ) төрағасы Майкел Морено Хуан Гуаидо жайлы сақтандыру шараларын бекіткенін жариялады.

1135516
Венесуэлада Жоғары сот Гуаидоға қарсы сақтық шаралар қабылдады

Венесуэла Жоғары Соты (TSJ) төрағасы Майкел Морено өзін елдің уақытша президенті болып жариялаған Ұлттық Мәжіліс төрағасы Хуан Гуаидо жайлы сақтандыру шараларын бекіткенін жариялады.

Морено әлеуметтік медиа парақшасынан сақтандыру шаралары туралы жасаған мәлімдемеде «Гуаидо жайлы тергеу жұмыстары аяқталғанша елден шығуына тыйым салуға, байлықтарын (мүлкін) елден алып кетуге және банктегі шоттары мен Венесуэла жерінде ие болған басқа да қаржылай құралдарын тоқтату жөнінде сақтандыру шаралары қабылданды» делінді.

Венесуэла бас прокуратурасы Тарек Вильям Сааб түскі уақытта Гуаидоға қарсы сақтандыру шараларын іске қосылуы үшін Венесуэла Жоғары Сотына шағымданған болатын.

Ақ Үй әкімшілігі Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон Венесуэла бас прокуратурасы Саабтың осы бастамасы жайлы әлеуметтік медиа арқылы «Венесуэланың заңсыз бұрынғы бас прокурорының президент Хуан Гуаидоға бағытталған шараларын қабылдамаймыз. Тағы бір рет қайталаймын: Демократияны құлдыратуға талпынғандар үшін маңызды нәтижелері болады» деді.

Ұлттық Мәжіліс төрағасы Гуаидо болса журналистерге жасаған мәлімдемеде «Түрмеге отыруды назарға аламын, бірақ осы елде еш нәрсе жаңа емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар