Ресей Хамасты Мәскеуге шақырды

Хамас Орыс үкіметі қасындағы Шығыс зерттеулері институтының өздерін Мәскеуге шақырғанын мәлімдеді.

1134745
Ресей Хамасты Мәскеуге шақырды

Хамас Палестина келіссөздерін қолға алу үшін ақпан айдың басында Ресейде өткізілуі жоспарланған жиналысқа қатысу үшін Мәскеу әкімшілігінен шақыру келгенін жариялады.

Мәлімдемеде Палестинадағы тараптардың бірігуі тұрғысынан мұның маңызды бір мүмкіншілік екеніне назар аударылды.

Палестинаның Мәскеудегі өкілетті елшісі Абдулхафыз Нуфель Мәскеуде 11 ақпан күні палестиналық топтардың басын қосатын бір жиналыс жоспарланғаны жарияланған еді.

Ресей өткен желтоқсан айында палестиналық тараптар арасында келіссөзді қамтамасыз ету үшін Фатх пен Хамас арасында Мәскеуде жиналыс өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар