Ирактың Салахаттин уәлаятына екі бөлек шабуыл жасалды

Ирактың Салахаттин уәлаятында екі бөлек шабуылда 4 адам қаза тапты, 10 адам жарақат алды.

1133866
Ирактың Салахаттин уәлаятына екі бөлек шабуыл жасалды

Ирактың Салахаттин уәлаятында екі бөлек шабуылда 4 адам қаза тапты, 10 адам жарақат алды.

Қорғаныс министрлігіне қарасты Қауіпсіздік медиасы орталығы тарапынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Салахаддин қаласына қарасты Ширгат ауданында екі бөлек шабуыл жасалғаны білдірілді.

Шабуылда араларында қауіпсіздік күштері мүшелері де бар 4 адамның қаза тапқаны, 10 адамның жарақат алғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде шабуылдардың қалай жасалғаны жайлы мағлұмат берілмеді.

Лауазымдылар ДАИШ террор ұйымынан күдіктенсе де, шабуылдарды қазірге дейін мойындаған шықпады.



Ұқсас жаңалықтар