Кипрдағы БҰҰ Бейбітшілік күші миссиясының міндет мерзімі талқылануда

UNFICYP-тің міндет мерзімі 31 қаңтар күні аяқталады.

1132239
Кипрдағы БҰҰ Бейбітшілік күші миссиясының міндет мерзімі талқылануда

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Кипрдағы БҰҰ Бейбітшілік күші миссиясының міндет мерзімінің созылып созылмайтынын талқылау үшін жиналды.

БҰҰ Бас хатшысының Кипр арнайы өкілі және Кипрдағы БҰҰ миссиясының басшысы Элизабет Спехар міндет мерзімі алты айда бір жаңаланатын бейбітшілік күші миссиясының істері жөнінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мәлімет берді. Спехар Кипрда БҰҰ Бас хатщысы Антониу Гутеррештің уақытша кеңесшісі ретінде міндеттендірілген Йан Хол Лутенің тараптармен кездесуін жалғастырғанын айтты.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Кипр проблемасының шешіміне қолдау бергенін білдірген Спехар: «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі екі қоғам арасындағы сенім арттыратын қосымша шараларға қолдау береді» деді.

UNFICYP  миссия басшысы Спехар кеңестің БҰҰ Бейбітшік күші миссиясының мерзімін жаңалап жаңаламайтынына бірнеше күн ішінде шешім беретінін білдірді.

UNFICYP-тің міндет мерзімі 31 қаңтар күні аяқталады.

БҰҰ-ның ең көп уақыттан бері қызмет етіп келе жатқан миссияларының бірі – UNFICYP 1964 жылдан бері аралда міндет атқаруда.

UNFICYP-те 1021 адам қызмет етеді.



Ұқсас жаңалықтар