Қытай Венесуэлаға бағытталатын сыртқы операцияларға қарсы

Қытай Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хуа Чунйинг Венесуэладағы жаңалықтарға қатысты мәлімдеме жасады.

1132332
Қытай Венесуэлаға бағытталатын сыртқы операцияларға қарсы

Мәлімдемеде елдің ұлттық егемендік, тәуелсіздік және тұрақтылығын қорғауға бағытталған қолдауларын атап, «Қытай Венесуэлаға қарсы сыртқы операцияға қарсы шығуда» делінді.

Министрлік мәлімдемешісі Хуа бас қала Пекинде баспасөз жиналысы ұйымдастырды.

Венесуэладағы соңғы жаңалықтарды жақын қадағалағандарын атап көрсеткен Хуа тараптарды ақылшыл қозғалып, тыныштық сақтауға шақырды.

Хуа «Қытай Венесуэла үкіметінің елдің ұлттық егемендік, тәуелсіздік және тұрақтылықты қорғауға шақырады және қорғанысқа бағытталған талпыныстарды жақтайды. Венесуэлаға сыртқы операцияларға қарсы шығады» делінді.

Әрқашан елдердің ішкі мәселелеріне араласпау ережесін жалғастыратындарын тілге тиек еткен Хуа халықаралық қоғамның осы тақырыпта бірігіп, ыңғайлы ортаны қамтамасыз етуін үміт еткендерін атап көрсетті.

Мәлімдемеші АҚШ пен Венесуэланың батыс жарты шарының маңызды елі және дәстүрлі қарым-қатынастарға ие екеніне назар аударып, «екі елдің өзара тепе-тең сыйластық және ішкі істерді құрметтеу құқығы негізінде ынтымақтастық шараларын қолға алуын үміт етеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар