Израильдің Иерусалмдегі заңсыздығы айыпталды

Иерусалим ғұламасы Израильдің Ақса Мешітінің "Жылау" қабырғасына ретаврация жасау талпынысын айыптады

1128086
Израильдің Иерусалмдегі заңсыздығы айыпталды

Иерусалим ғұламасы Израиль ұйымдарының жауланып жатқан Шығыс Иерусалимдегі Ақса Мешітінің оңтүстік батыс қабырғасы Бурак "Жылау" қабырғасына ретаврация жасау талпынысын айыптады.

"Иерусалм Қорлар, Ислам қасиетті заттары мен істері кеңесі", "Ислам жоғары дәрежелі делегациясы", "Палестина Фатуа кеңесі" және "Иерусалим Ислам қорлар кеңсесі" сияқты ұйымдардың ортақ жариялаған жазбаша мәлімдемесінде  Израильдің халықаралық құқық пен келісімдерге қайшылық жасап, Иерусалимнің тарихи және заңдық мәртебесін өзгерткеніне байланысты ескерту жасалды.

Мәлімдемеде "Израиль ұйымдары сәрсенбі күні Ақса Мешітінің бір қабырғасы болған және Қасиетті Харемдегі Ислам мұражайының қатарында орын алған батыс қабырғасының "Бурақ жылау қабырғасы" жанына "ауыз жүзіндегі реставрация" мақсатымен  қоршау жүргізген. Бұл жағдай Израильдің жаулап алуынан бұрын да, кейін де тарих бойынша қасиетті мекендерде реставрация жасау билігіне ие Иерусалим Исламдық қоры басқармасының билік саласына жасалған тікелей шабуыл" деп көрсетілді. 

Израильдің осының алдында да Ақса Мешітінің астын терең қазғаны және мұның Қасиетті Харемнің қабырғасындағы кейбір тастардың құлауына себеп болғанына назар аударылған мәлімдемеде:

"Қазба жұмысы кезінде құлаған тастар ұрланып, белгісіз жерлерге апарылған. Иордания үкіметі мен Ислам Қорлар басқармасының орнына қойылуы мақсатымен тасты сұрағанына қарамай, жаулап алушы ел атамыш тақырыпты кешіктіріп, тасты әлі қайтарып берген жоқ" деп көрсетілген.



Ұқсас жаңалықтар