Давосқа АҚШ делегациясы да бармайтын болды

Дональд Трамп Давос қалашылығында өтетін Бүкіләлемдік Экономикалық форумға қатысуы жоспарланған Америка делегациясының сапарын болдырмай тастады.

1128300
Давосқа АҚШ делегациясы да бармайтын болды

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Швейцарияның Давос қалашылығында өтетін Бүкіләлемдік Экономикалық форумға қатысуы жоспарланған Америка делегациясының сапарын болдырмай тастады.

Ақ Үй мәлімдемешісі Сарах Сандерс тақырыпқа байланысты жазбаша хабарлама жариялады.  Сандерс хабармалада Трамптың федералдық үкіметтің жабық болуына байланысты Давосқа баратын АҚШ делегациясының сапарын болдырмай тастағанын білдірді.

Америка Құрама Штаттары Трамп өткен апта әлеуметтік желіде өзінің Давостағы форумға қатыспайтынын білдірген болатын. «Демократтардың шекара қауіпсіздігі және ұлтымыздың қауіпсіздігіне деген келіспеушіліктеріне байланысты Бүкіләлемдік Экономикалық форум үшін Давосқа бармаймын. Экономикалық форума шынайы тілектерімді жолдаймын» деген еді.

Бүкіләлемдік Экономикалық форум 23-26 қаңтар күндерінде Давос қалашығында өтеді.



Ұқсас жаңалықтар