"Мигрант дағдарысы жоқ"

Аврамопулос: «Біреулер айтқандай босқын немесе мигрант дағдарысы жоқ» деді.

1126683
"Мигрант дағдарысы жоқ"

Еуропа Одағы комиссиясының Миграция,  ішкі істер және азаматтыққа жауапты комиссары Дмитрис Аврамопулос: «Біреулер айтқандай босқын немесе мигрант дағдарысы жоқ» деді.

Страсбургтағы Еуропа Парламенті бас кеңесінің миграция отырысында сөз сөйлеген Аврамопулос құрлыққа бағытталған заңсыз көш ағынының өткен жылмен салыстырғанда 80 пайыз азайғанына назар аударды.  Осыған қарамастан кейбір босқындардың Еуропа Одағына баруды жалғастыратынын айтқан комиссар Еуропа Одағының осы проблеманы ұйымшылдықпен шешетініне сенетінін атап көрсетті.

Одаққа мүше елдердің жалғыз өздері қозғалса,  босқын көші проблемасының жалғасатынын айтқан Аврамопулос осы шеңберде Еуропа Одағының тұрақты миграция жүйесі қалыптастыруы қажеттігін баса айтты.

Дмитрис Аврамопулос миграция жүйесі аяқталғанға дейін Еуропа Одағы комиссиясының мүше елдермен уақытша бағдарламалар қалыптастыруға дайын екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар