Катар Әмірі Помпеомен кездесті

Катар Әмірі Шейх Тамин ибн Хамад Әл-Сани АҚШ Мемлекеттік хатшысы Помпеоны қабылдады.

1124817
Катар Әмірі Помпеомен кездесті

Катар Әмірі Шейх Тамин ибн Хамад Әл-Сани ресми сапармен еліне келген Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесті. Кездесуде аймақтық және халықаралық тақырыптары қолға алынды.

Катар хабар агенттігі QNA-да орын алған хабар бойынша Шейх Тамин астана Дохадағы Әл-Бахр сарайында Орташығыс туры аясында Катарға барған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Помпеоны қабылдады.

Аймақтық және халықаралық оқиғалармен қатар қауіпсіздік, экономика, сауда, инвестиция сынды салалар қолға алынған кездесуде Шейх Тамин АҚШ-тың Катардағы Эл-Удейд  әуе базасында атқарған белсенді рөлі және талпыныстарына орай алғыс айтты.

Кездесуде сонымен қатар Шығанақ дағдарысы, Орташығыстағы бейбітшілік процестері, Палестина, Ауғанстан, Сирия және террормен күресу тақырыптары талқыланды.


Этикеттер: #Катар , #АҚШ , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар