Зариф Помпеоның мәлімдемесіне тойтарыс берді

Джевад Зариф мемлекетінің АҚШ-тың ойлағанындай болмайтынын білдірді.

1123379
Зариф Помпеоның мәлімдемесіне тойтарыс берді

Иран сыртқы істер министрі Мұхаммад Джевад Зариф мемлекетінің Америка Құрама Штаттарының ойлағанындай болмайтынын білдірді.

Джевад Зариф АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иранмен байланысты мәлімдемесіне Твиттер арқылы жауап берді.

«АҚШ қай жерге киліксе сол жерде былықпа шыққан және қысым мен кек пайда болған» деген Зариф Помпеоның «Ираннан АҚШ-тың қалаған мемлекеті болу» сынды талаптарына байланысты «АҚШ-тың ойлағынандай  бір мемлекет болмаймыз» деген сөздер қолданды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Орташығыс сапарының алғашқы аялдамасы болған Иорданияда жасаған мәлімдемесінде «Иранға бағытталған қысымды тек дипломатия саласында ғана емес, сауда саласында да екі есе көбейтеміз» деген еді.



Ұқсас жаңалықтар