Иордания азаматтарын босатуын сұрады

Иордания Ираннан өз азаматтарын босатуын сұрады.

1123945
Иордания азаматтарын босатуын сұрады

Иордания Басра шығанағына жақын жерде балық аудап жүріп қателесіп Иран су айдынына кіріп, Иран тарапынан қамауға алынған иорданиялық үш азаматтың еркін жіберілуін талап етті.

Иордания Сыртқы істер министрлігінің жазбаша хабарламасына қарағанда,  Сыртқы істер министрлігі бас хатшысы Зейд әл Левзи Иранның Аммандағы өкілетті елшісімен кездесіп,  елінің Иранда қамауда отырған үш азаматының босатылуы талабын жеткізді.

Иранның өкілетті елшісі болса иорданиялық азаматтардың денсаулықтарының жақсы екенін,  елінің үш азамат жөніндегі қылмыстық істі жылдамдату және босатылуын қамдауға тырысқанын білдірді.

Иордания Сыртқы істер министрлігі 2018 жылдың 27 желтоқсан күні үш азаматтың Иран тарапынан қамауға алынғанын хабарлаған болатын.


Этикеттер: #Иран , #Иордания

Ұқсас жаңалықтар