Ресей ұшақтары Халепке шабуыл жасады

Халептегі шабуылда 3 бейуаз қаза тапты, 9 адам жараланды

1119768
Ресей ұшақтары Халепке шабуыл жасады

Сирияның Халеп уәлаятының батысында Ресейге қарасты соғыс ұшақтарының азаматтық елді мекендерге және оппозиция күштерінің соғыс желілеріне ұйымдастырған әуеден шабуылдарында 3 бейуаз азамат қаза тапты.

Соғыс ұшақтары "Идлиб дағдарысын азайту аймағы" шекаралары ішіндегі Халеп уәлаятының батысындағы Дарет Иззе ауданы мен Урим ел Кубра, Рашидин және Риф ел Мухендисин аймақтарында азаматтық елді мекендер мен әскери оппозициялардың соғыс желісіне кеше кеште кемінде 10 мәрте әуеден шабуыл жасады.

Шабуылдарда Халептің батыс таулы аймағындағы Дарет Иззе ауданында 3 бейуаз азамат қаза тапты, 9 азамат жараланды.

Шабуылда жарақат алғандар төңіректегі емханаларға апарылды.

Шабуылдан кейін шыққан өртті Азаматтық қорғаныс топтары сөндірді.

Әуе шабуылының алдында Башар Асад режимі мен Иранның қолдауындағы шетелдік террорит топтар Халептің батыс таулы аймақтарында оппозицияның басқаруындағы Рашидин аймағына ілгерлеуге талпынды және оппозициялық топтар бұл талпынысты кері қайтарды.

Сирия Адам құқы желісі өткен айда жариялаған рапортында Идлибте Асад режимі күштерінің Сочи келісіміне қол қойылған 2018 жылы 17 қыркүйектен 2018 жылы 24 желтоқсанға дейін жасаған шабуылдарында  6 әйелді қамтыған, 22 бала, жалпы 45 бейуаз азаматтың қаза тапқанын білдірген болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар