Нигерияда 18 адам қаза тапты

Нигерияда ұйымдастырылған қарулы шабуылдарда 18 адам қаза тапты.

1118747
Нигерияда 18 адам қаза тапты

Нигерияның солтүстік батысында ұйымдастырылған қарулы шабуылдарда 18 адам қаза тапты, көптеген адам жарақат алды.

Ұлттық баспасөзінде шыққан хабарларға қарағанда Замфара провинциясына қарасты Дутсен Куре және Манаса аймақтарында қарулы топтардың шабуылында 18 адам ажал құшты.

Шабуылдарда көптеген ірі қара өлді. Жүздеген адам қауіпсіздік салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Замфара губернаторы Алхажи Абдулазиз Яри жарақат алғандардың ауруханаға апарылғанын және аймақтарда қауіпсіздік шаралардың арттырылғанын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар