БҰҰ шақыруын қайталады

БҰҰ Хашхаджи ісінде ауқымды және ашық тергеуді қалайды.

1118971
БҰҰ шақыруын қайталады

БҰҰ саудтық журналист Джемал Хашхаджи қастандығына байланысты «ауқымды,  ашық тергеу» шақыруын қайталады.

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Фархан Хак күнделікті баспасөз брифингінде Хашхаджи қастандығына байланысты сұрақтарға жауап берді. хак Анадолы агенттігінің БҰҰ-ның қастандыққа ұшыраған Хашхаджи ісін бақылап бақыламағаны туралы сұрағына орай: «Ауқымды және ашық тергеу үшін шақыруымызды қайталаймыз. Соңғы оқиғаларды бақылап отырмыз және шақыруымыз өзгермеді» деді.

Саудтық журналист Джемал Хашхаджи 2 қазан күні Сауд Арабиясының Стамбулдағы бас консулдығында өлтірілген болатын.

Сауд Арабиясының таққа мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Селман қастандықтан кейін ауыр сындардың нысанасына айналды. Осы қылмыстық істе 11 айыпталушының соты кеше басталды.



Ұқсас жаңалықтар