АҚШ Қытайдың азаматтарына жасаған әділетсіздікті айыптады

АҚШ Қытайдың заңсыз әрекеттеріне байланысты азаматтарын ескертті

1119281
АҚШ Қытайдың азаматтарына жасаған әділетсіздікті айыптады

Америка Құрама Штаттары заңдарды орынсыз қолданғаны және қос ел азаматтарына арнаулы шектемелер қойғаны себепті азаматтарының Қытайға саяхат жасаған кезде мұқият болулары тақырыбында ескерту жасады.

Америка Құрама Штаттарының Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Пекиннің "Шығу шектемелерін" қолданып, Америка азаматтарының Қытайдан кетуіне рұхсат бермегенін және бұл адамдардың жылдар бойы осы елде қамалып қалғанын пайымдады. 

Қытайдың аталмыш шектемелерді Американ азаматтарына қорқыту факторы ретінде қолданғанына назар аударылған мәлімдемеде шектемелердің заңдық келіспеушіліктерге байланысты соттардың Қытай тарапына пайдалы түрде шешілуі үшін де қолданылғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Американ азаматтарының пайымдалған қылмыстарға байланысты консулдықтардан жәрдем алуына да рұхсат берілмей ұсталғаны алға тартылды.

Сонымен бірге мемлекет қауіпсіздігіне байланысты тақырыптарда Американ азаматтарының ұзақ уақыттық тергеулерге және түрмеге жабылуға мәжбүр қалу мүмкіндігі болғаны да атап өтілді.

Американ азаматтарының электрондық хаттарының да ұсталу немесе шекарадан шығарудың сылтауы ретінде көрсетілгені пайымдалған мәлімдемеде  "Шинжияңның Ұйғыр және Тибет аймақтарында қауіпсіздік тексерулері және полиция санын көбейту сияқты қосымша қауіпсіздік шаралары көлемді атқарылуда. Лауазымдылар қысқа уақыт ішінде көшеге шығуды шектеу және саяхатқа шектеме қою тәртібін атқара алады" деп атап көрсетілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар