Талибанға қарсы операция жүргізілді

Өлтірілген содырлар арасында Иран азаматтары да бар.

1117705
Талибанға қарсы операция жүргізілді

Ауғанстанның Фариаб уалаятында Талибан ұйымына қарсы бағытталып жүргізілген операцияда 29 содыр өлтірілді.

Елдің солтүстігіндегі 209-шы батальон қолбасшылығының хабарламасына қарағанда,  Фариабтың Ширин Тегаб және Ходжа Сабзпош аудандарында Талибан ұйымына қарсы әуеден және құрлықтан операция жүргізілді.

Операцияда ұйымның 29 содыры өлтірілді. Олардың екеуі Иран азаматы.

Операцияда үкіметтің 4 әскері де жарақат алды.

Бұдан бұрын Иранның Ауғанстандағы Талибанға қолдау бергені туралы баспасөзде жазылған болатын.  Алайда ұйымда Иранның азаматтарының бар екені бірінші рет ресми түрде бекітілді.



Ұқсас жаңалықтар