Даниядағы пойыз апатында 6 адам қаза тапты

Данияда «Sjaelland» және «Fyn» араларын бір-бірімен байланыстырған «Storebaelts» көпірінде екі пойыз соқтығысты.

1117713
Даниядағы пойыз апатында 6 адам қаза тапты

Данияда «Sjaelland» және «Fyn» араларын бір-бірімен байланыстырған «Storebaelts» (Үлкен Бұғазы) көпірінде болған пойыз апатында алғашқы мағлұматтарға қарағанда 6 адам қаза тапты.

Fyns полициясы әлеуметтік Twitter парақшасынан жасаған мәлімдемеде жергілікті уақытпен сағат 07:30-да Storebaelts көпірінде жолаушы пойызы мен бір жүк пойызының соқтығысқанын жариялады.

Апатта алғашқы мағлұматтарға қарағанда 6 адам қаза тапты, 16 адам жеңіл жарақат алды.

Апат болған жерге таяу Nyborg қаласында төтенше жағдай орталығы құрылды. Storebaelts көпірінің бір бөлімінің көлік қатынасына ашылғаны білдірілді.


Этикеттер: #Дания , #пойыз апаты

Ұқсас жаңалықтар