БҰҰ өкілін "персона нон грата" деп жариялады

Cомали БҰҰ-ның Сомали арнайы өкілі Николас Хейсомды «персона нон грата» деп жариялады.

1117377
БҰҰ өкілін "персона нон грата" деп жариялады

Cомали БҰҰ-ның Сомали арнайы өкілі Николас Хейсомды елдің ішкі істеріне араласқаны үшін «персона нон грата» деп жариялады.

Сыртқы істер министрлігі Хейсомның бұдан былай Сомалиде жұмыс істеуінің қабылданбайтынын білдірді. Министрлік БҰҰ өкілінің елдің ішкі істеріне әдейі араласқанын және БҰҰ қағидаларын бұзғанын хабарлады.

Хейсом өткен аптада Сомали үкіметіне хат жазып,  елдің Оңтүстік Батыс штатындағы президенттік сайлауға кандидат болған Мухтар Әбу Мансурдың қамауға алынуының заңды себептерін және артынан Байдоа ауданында болған оқиғаларда БҰҰ қолдауындағы әскерлердің шерушілерге оқ атып атпағаны туралы сұраған еді.

Николас Хейсом 2018 жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш тарапынан Сомали арнайы өкілі ретінде тағайындалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар