Англияда бір шабуылшы пышақпен 3 адамды жаралады

Манчестер қаласында болған шабуылда 3 адам жараланды

1117101
Англияда бір шабуылшы пышақпен 3 адамды жаралады

Англияның Манчестер қаласында кеше кеште болған пышақпен шабуылдау оқиғасында үш адам жараланды. 

Манчестер полиция ұйымының Твиттер парақшасынан жариялаған мәлімдемесінде Виктория пойыз стансасында болған пышақпен шабуылдау оқиғасында жараланғандардың біреуі полиция қызметкері екені жарияланды.

Пышақ алып жүрген шабуылшыны полиция қысқа уақытта ұстады.

Оқиғаға байланысты жарияланған мәлімдемеде шабуылшының террористік ұйыммен байланысы бар жоқтығы әлі анықталмағаны, тергеудің жалғасып жатқаны білдірілді.

Манчестерда  2017 жылы мамыр айында Ариана Граденің концерті кезінде жасалған жанкешті шабуылда 22 адам қаза тапқан болатын.

Англия өткен жылы туылған террорлық лаңкестіктер салдарынан  ең ауыр екінші қауіп  өресінде қауіпсіздік шараларын атқарып келеді.



Ұқсас жаңалықтар