Ресейде көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болды

Урал аймағына қарасты Магнитогорск қаласында көпқабатты ғимаратта жергілікті уақытпен азанғы сағат 04.00-де жарылыс болды.

1116453
Ресейде көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болды

Ресейдің Урал аймағында көп қабатты тұрғын үйде газ жарылсы салдарынан 3 адам қаза тапты, 3 адам жарақат алды.

Урал аймағына қарасты Магнитогорск қаласында көпқабатты ғимаратта жергілікті уақытпен азанғы сағат 04.00-де жарылыс болды.

Ресей Федерациясының Федералдық Қауіпсіздік Қызметі (ФСБ) аймақтық кеңсесі газ жарылысы екенін растады, Төтенше жағдайлар министрлігінің алғашқы рапортына қарағанда жарылыста ғимараттың алды толығымен құлап, ғимараттың үйінділері арасынан біреуі бала 10 адам құтқарылды.

Ғимараттағы 79 адамнан хабар жоқ. Оқиға орнына іздеу құтқару топтары жіберілді.



Ұқсас жаңалықтар