Израиль Сирияға шабуыл жасады

Ресей «Израильдің Сирияға бағытталған шабуылдары себепті алаңдаудамыз» деді.

1114243
Израиль Сирияға шабуыл жасады

Израиль Сирияға шабуыл жасады.

Ресей Израильдың территория тұтастығын бұзғанын баяндап, «Израильдің Сирияға бағытталған шабуылдары себепті алаңдаудамыз» деген мәлімдеме жасады.

Ресей сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Израильдің алдыңғы күні Дамаск маңына жасаған әуе шабуылын сынға тартты.

Мәлімдемеде Израиль әуе күштеріне тиесілі 6 F-16 соғыс ұшағының Ливан әуе кеңістігі арқылы Дамаск маңына шабуыл жасағанына орын берді.

Мәлімдемеде «Израиль соғыс ұшақтарының Дамаск және Бейрутта орын алған әуе жайына жасаған шабуылдары алаң туғызуда» делінді.

Мәлімдемеде «Израиль Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімдеріне қайшы әрекет жасады және Сирияның территория тұтастығын бұзды» деген сөздер қолданылды.


Этикеттер: #Ресей , #Израиль , #Дамаск

Ұқсас жаңалықтар