Нигерияда балалар аштықтан өлуде

Кадуна провинциясында 10 айда 132 бала аштықтан көз жұмды

1111680
Нигерияда балалар аштықтан өлуде

Нигерияның Кадуна провинциясында 10 айда 132 бала тамақтана алмағандықтан дүниеден көз жұмуда.

Кадуна провинциясы азық-түлікке жауапты лауазым иелерінің бірі Хажия Хауа Усман тамақтана алмағандықтан 10 айда 132 баланың дүниеден көз жұмғанын, 12 мың 858 баланың болса ауруханаға апарылғанын, сондай-ақ 10 мың 604 баланың емделіп жатқанын білдірді.

Бес жастан төменге балалардың 11,7 пайызының тамақтана алмағанын баяндаған Усман осы балалардың 47 пайызының денесінің жетілмей кішкене қалғанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар