АҚШ күштері Сирияда тағы мешіт бомбалады

АҚШ күштері Сирияның Дейр-уз Зор қаласында тағы мешіт бомбалады.

1107750
АҚШ күштері Сирияда тағы мешіт бомбалады

АҚШ басшылық жасаған ДАИШ-ке қарсы коалиция күштері Дейр-уз Зор қаласына қарасты  Хеджин ауданындағы бір мешітті бомбалағанын жариялады.

Мәлімдемеде ДАИШ-ке мүше 16 террористің нысанаға алынғаны алға тартылды.

Аталмыш мешіт коалиция тарапынан бомбаланған алғашқы мешіт емес. Коалиция өткен апта да Хеджин ауданында аурухананы бомбалаған болатын.

Сондай-ақ АҚШ басшылығындағы коалиция қазан айында Дейр-уз Зорда көптеген мешітті нысанаға алды және шабуылдарда араларында балалар бар ондаған жазықсыз адам қаза тапты.

Коалиция мешіттерге бағытталған шабуылдарда ДАИШ-ті нысанаға алғанын алға тартады.



Ұқсас жаңалықтар