АҚШ Пәкістанға санкция жасамайды

Америка Құрама Штаттары Пәкістанға санкция жасамайтын болды.

1106438
АҚШ Пәкістанға санкция жасамайды

Америка Құрама Штаттары Пәкістанға санкция жасамайтын болды.

Америка Құрама Штаттарының Исламабад елшілігі мәлімдемешісі Снелсире АҚШ әкімшілігінің Пәкістанды «Діни еркіндіктері тақырыбында алаң туғызған елдер тізіміне» қосқанын еске салып, «АҚШ  Пәкістанды діни еркіндіктеріне қайшы әрекет жасағаны себепті осы тізімге алсақ та  Пәкістанға санкция жасамайды» деді.

Мьянма, Қытай, Солтүстік Корея және Сауд Арабиясы сынды елдер тізімде орын алуда. Осы елдерге АҚШ заңдары бойынша санкция жасалады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі тарапынан алдыңғы күні жарияланған рапортқа наразылық көрсеткен Пәкістан шешімнің саяси мақсатпен жасалғанын және сыңар жақты екенін білдірген болатын.

Өткен жылы арнайы бақылау категориясында орын алған Пәкістанға байланысты шешім екі ел арасындағы қарым-қатынастарында дағдарыс болған бір кезеңге тура келді.


Этикеттер: #АҚШ , #Пәкістан , #санкция

Ұқсас жаңалықтар