Бразилияда шіркеуге қарулы шабуыл жасалды

Campinas қаласында шіркеуге жасалған қарулы шабуылда 4 адам қаза тапты, 3 адам жарақат алды.

1105279
Бразилияда шіркеуге қарулы шабуыл жасалды

Бразилияның Сан-Пауло уәлаятына қарасты Campinas қаласында шіркеуге жасалған қарулы шабуылда 4 адам қаза тапты, 3 адам жарақат алды.

Діни рәсім кезінде қолында екі қаруы бар шабуылдаушы шіркеуге басып кірді. Жан-жаққа оқ жаудырған шабуылдаушы оқиғаның артынан өзіне қол жұмсағаны атап көрсетілді.

Campinas шіркеуінің дін қызметкері «Шіркеу уақытша жабылды. Осы оқиға бізді қайғыға бөледі. Баршаның дұғаларына қажеттілігіміз бар» деді.

Шабуылдаушының куәлігі мен жасы туралы мағлұмат берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар